Облыс аумағында орманды молықтыру

Облыс аумағында орманды молықтыру

Облыс әкiмдiгiнiң қарамағындағы мемлекеттiк орман қорының ауданы 549,6 мың гектарды құрайды, оның 439,8 мың гектары орманмен қамтылған.

Мемлекет басшысы 2020 жылғы қыркүйекте берген 2 млрд дана ағаш отырғызу жөнiндегi тапсырманы iске асыру мақсатында СҚО бойынша 2021-2025 жылдарға арналған ормандарды молықтыру мен орман өсiру көлемiн ұлғайтудың кешендi жоспары әзiрлендi.

Осы Жоспарға сәйкес орман шаруашылығы мекемелерi 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейiнгi кезеңде орман қорында 20 мың гектар алаңға 100 млн түп көшет отырғызуды жоспарлап отыр.

Ағымдағы 2021 жылы ағаш отырғызу жоспары 850 га құрады, iс жүзiнде 868 га алаңда орындалды, 3,5 млн астам көшет отырғызылды.

Орманды ұдайы өндiрудiң жоспарлы көлемiн орындау үшiн орман мекемелерiнiң уақытша питомниктерiнде 9,3 га алқапта қайың мен қарағай себiлдi. Егiс алаңы мен отырғызылатын материалды өсiру көлемi жыл сайын ұлғаятын болады.

Орман шаруашылығында отырғызу материалын өсiру үшiн ауданы 218 га болатын 34 тұрақты және уақытша питомниктер бар, 2021 жылдан 2023 жылға дейiнгi кезеңде питомниктердiң ауданы 75 га ұлғайтылады.

Питомниктерде егiстi жүзеге асыру үшiн тұқым дайындау орман қоры аумағында жүргiзiледi. Осы мақсаттар үшiн орман шаруашылықтарында ауданы 138 гектар тұрақты орман тұқымы базасының объектiлерi бар.

Бұдан басқа, жалпы ауданы 5,6 мың гектар орман қоры учаскелерiнiң орман жарамдылығына геоботаникалық зерттеулер жүргiзiлдi.

Президенттiң тапсырмасын орындау мақсатында ұйымдастыру iс-шараларының толық кешенi өткiзiлетiн болады.

Орман шаруашылығы және
ЕҚТА бөлiмiнiң басшысы
В.Лабанчук