«Орлиногор орман шаруашылығы» КММ бойынша орманды қалпына келтiру жұмыстары

«Орлиногор орман шаруашылығы» КММ бойынша орманды қалпына келтiру жұмыстары

Қазақстан Республикасының Президентi 2020 жылғы 1 қыркүйектегi Қазақстан халқына Жолдауында бес жыл iшiнде мемлекеттiк орман қоры аумағында 2 млрд ағаш, ал елдi мекендерде 15 млн көшет отырғызу мiндетiн қойды. Бұл акция елiмiздi ауқымды көгалдандыруға алып келедi.

Қазақстан Республикасының Президентi Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында әзiрленген кешендi жоспарға сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысының аумағында ормандарды молықтыруды кезең-кезеңiмен ұлғайту жүргiзiлетiн болады. «Орлиногор орман шаруашылығы» КММ бойынша жоспарға сәйкес 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейiнгi кезеңде отырғызылған көшеттердiң жалпы саны 9660000 дана болатын 1951 га алаңға орман дақылдарын отырғызу жоспарлануда.

«Орлиногор орман шаруашылығы» КММ 2021 жылғы жоспарлы көрсеткiштердi орындау мақсатында 84 га алаңда жалпы саны 235200 дана қотыр қайың көшеттерi отырғызылған орман дақылдарын отырғызу жүргiзiлдi.

Отырғызу материалымен қамтамасыз ету үшiн ҚМУ-де ауданы 18 га орман питомнигi бар, 2021 жылдың көктемiнде 0,6 га алқапта кәдiмгi қарағай тұқымдары, 2021 жылдың күзiнде 1,5 га алқапта қотыр қайың тұқымдары себiлдi. 2021 жылдың өткен кезеңiнде 350 кг мөлшерiнде қотыр қайыңнын тұқымын жинау жүргiзiлдi, 2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың ақпанына дейiн 5500 кг мөлшерiнде қарапайым қарағайдың бүршiктерiн жинау жоспарлануда.

«Орлиногор орман шаруашылығы» КММ
директордың орынбасары Т.П.Семенов