Орман өсіру жұмыстарының аяқталуы

Орман өсіру жұмыстарының аяқталуы

"Соколов Орман шаруашылығы" КММ аумағында 2021-2025 жылдарға арналған өндірістік іс-шаралар жоспарына сәйкес орман-мәдени жұмыстары жүргізілді. 2021 жылға арналған жоспар бойынша 84 га орман отырғызу, іс жүзінде жалпы аумағы 90 (108%)  гектарға ұлғайды. Ағаш отырғызу бойынша орындалған жұмысты forestplant.gharysh.kz (интерактивті карта) сайтынан көруге болады.

Ағаш отырғызуға 235 400 дана салбыраңқы қайың көшеттері жұмсалды. Көшеттер жергілікті тұқымбақта өсіріледі.

Ағаш отырғызу жұмысы 44 адамнан құрылған " Соколов Орман шаруашылығы" КММ орман мәдени бригадасымен, 15 адам Петропавл қ. «ҚР Ұлттық ұланы Әскери институты» курсанттарымен және "АБД-Орманы"ЖШС-ның 7 қызметкерінің қатысуымен орындалды.

Петропавл қ. «ҚР Ұлттық ұланы Әскери институты» басшысы генерал – майор Б.С. Әбжановқа Красноярск орманшылығында ағаш отырғызуға көрсеткен көмегі үшін алғысымызды білдіреміз.

Орманды қалпына келтіру инженері
Евсюкова Н.А.