Орман шаруашылығы қызметкерлері күнімен!

Орман шаруашылығы қызметкерлері күнімен!

Құрметті әріптестер және орман саласының ардагерлері! Кәсіби мерекелеріңіз - Орман шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Мамлют ауданының тұрғындарын отын ағашымен қамтамасыз ету үшін кесілетін ағашты белгілеп өлшеу және бағалау жүргізіледі.

Ауданның мемлекеттік орман қоры аумағында орман өрттері туындауын алдын алу мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізілді:

  • ұзындығы 3224 км орман алқаптары мен орман дақылдары бойындағы минералдандырылған жолақтарға күтім жасау;
  • өртке қарсы және табиғатты қорғау тақырыбына 101 аншлаг орнатылды;
  • БАҚ-та 12 мақала жарияланды;
  • ұзақтығы 580 км профилактикалық күйдіру жүргізілді;
  • ауыл шаруашылығы құрылымдарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша 129 ескерту берілді.

Ауданның ормандылығын ұлғайту мақсатында 2021 жылы орманды молықтыру бойынша іс-шаралар өткізілді, атап айтқанда:

  • 44,8 га алқапқа орман дақылдарын отырғызу, осы алқапқа 128 мың дана қайың көшеттері отырғызылды;
  • орман дақылдарын толықтыру 54 га, осы алаңға 34 мың дана қайың көшеттері отырғызылды.

Ағымдағы жылы орман өсіру іс-шараларын орындау үшін уақытша орман питомниктерінде 316 мың дана қайың көшеттері өсірілді.

Жетістіктердің негізінде – КММ әр қызметкерінің адал еңбегі, жоғары біліктілігі мен жауапкершілігі жатыр.

Сала ардагерлеріне ерекше алғыс айтамыз. Олар облыстың орман шаруашылығын дамыту үшін көп жұмыс жасады. Бүгінгі ұрпақ та олардан үлгі алуда.

Орман саласының барлық еңбеккерлеріне істерде сәттілік, мықты денсаулық, амандық және барлық жақсылықты тілейміз!

«Мамлют орман шаруашылығы» КММ
әкімшілігі