17 қазан – орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні

17 қазан – орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні

Орман шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында облыстық спартакиада жеңімпаздары марапатталды. Оған 12 команда қатысты. Өңір басшысы атынан сала қызметкерлерін бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов құттықтады.

Орман шаруашылығы қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін қазан айының үшінші жексенбісінде атап өтеді. Осыған орай ұйымдастырылған салтанатты шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов қатысып, сала мамандарын келе жатқан төл мейрамдарымен құттықтады.

МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Сіздерді шын жүректен келе жатқан мерекемен құттықтаймын. Республикамызда 30 жыл ішінде көптеген өзгерістер болды. Президент алға қойған маңызды міндеттерінің бірі – ағаш отырғызуды көбейту. 5 жыл ішінде республика бойынша кемінде 2 миллиард ағаш отырғызу жоспарлануда. Облысымызда 20 мың гектардай 100 миллион ағаш отырғызылып, оны өсіру қажет. Бұл- күрделі, бірақ қолдан келетін міндет. Облыс әкімі Құмар Іргебайұлы орман шаруашылығына тұрақты қолдау көрсетіп келеді.»

Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні 2017 жылы бекітілді. Іс-шара барысында саланың 20 маманы құрмет грамоталарымен марапатталды.

ЖАСҰЛАН ЖҰМБАЕВ, «АҚҚАЙЫҢ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ» КММ ОРМАНШЫСЫ:

- «Мен орман шаруашылығында 15 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Негізінен жазда, көктемде және күз мезгілдерінде орман өрттері болады. Біз олармен күресіп, жалыс желекті күзетеміз. Оны кесуге жол бермейміз.»

Кәсіби мерекеге орай сала қызметкерлері арасында облыстық спартакиада өтті. Оған 12 құрама команда қатысты. Жарыс шахмат, үстел теннисі және волейбол сынды спорттың үш түрінен өтті.

ВАСИЛИЙ ЛАБАНЧУК, ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- «Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы жеңімпаз деп танылды. Екінші орыннан Преснов орман шаруашылығы көрінсе. Үштікті Қызылжар орман шаруашылығы түйіндеді. Барлық мамандар, жұмысшылар спартакиадаға мықтап дайындалып, күтпеген нәтижелер көрсетті.»

Орман шаруашылығы қызметкерлері арасындағы облыстық спартакиада алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл сайыс дәстүрге айналмақ.