Суда жүзетiн құстарды аулаудың күзгi маусымының ашылуы

Суда жүзетiн құстарды аулаудың күзгi маусымының ашылуы

«Аң аулау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң м. а. 2015 ж. 27.02. №18-03/157 бұйрығына (бұдан әрi — Ереже) және «Жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қою лимиттерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлiгiнiң 2021 жылғы 14 сәуiрдегi № 104 бұйрығына сәйкес 2021 жылғы 1 шiлдеден 2022 жылғы 1 шiлдеге дейiн бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарда аң аулау маусымы ашылды:

  • бөденелерге, көгершiндерге 20 тамыздан 30 қарашаға дейiн (аңшылық тұқымды иттермен және аушы құстармен бөдене аулау 15 шiлдеден бастап ұшып кетуге дейiн)
  • қаздарға, үйректерге (ҚР Қызыл кiтабына енгiзiлген түрлерден басқа), 5 қыркүйектен 30 қарашаға дейiн
  • шiлдерге 4 қыркүйектен 15 қарашаға дейiн (аңшылық тұқымды иттермен және аушы құстармен 15 тамыздан бастап)
  • құрға 4 қыркүйектен 30 қарашаға дейiн
  • борсыққа 4 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейiн
  • бұлан, қабан, маралға 4 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейiн
  • сiбiр елiгiне 20 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейiн (еркекке 1 тамыздан бастап)
  • түлкi, қарсақ, қоян, жанат тәрiздi итке 2022 жылғы 1 қарашадан 15 ақпанға дейiн (аңшылық тұқымды иттермен және аушы жыртқыш құстармен қарсақ, түлкi және қоянға 15 қазаннан бастап аң аулау)
  • ондатраға 2022 жылдың 1 қазанынан 15 ақпанына дейiн
  • аң аулау Ережелерiнде белгiленген мерзiмде жануарлардың барлық басқа түрлерiне.

«Қызылжар орман шаруашылығы» КММ аңшысы
Д.Н. Бутенко