«World Cleanup day 2021/Бірге таза Қазақстан» акциясы

«World Cleanup day 2021/Бірге таза Қазақстан» акциясы

Қатты тұрмыстық қалдықтармен ластануға қарсы күреске бағытталған «World Cleanup Day/Дүниежүзiлiк тазарту күнi» жыл сайынғы жаһандық бағдарлама шеңберiнде табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандары 2021 жылғы 18 қыркүйекте Есiл трансшекаралық өзенiнiң жағалау сызығын тұрмыстық қалдықтардан тазарту жөнiндегi «Бiрге таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткiздi.

Дүниежүзiлiк тазарту күнi жыл сайын қыркүйектiң 3-шi сенбiсiнде өткiзiледi. Аталған акция тұрмыстық қатты қалдықтармен ластану проблемасы туралы хабардар болуды арттыруға бағытталған, сондай-ақ аумақтарды қоқыстан тазарту жөнiндегi iс-шаралармен сүйемелденедi.

Акция барысында 1000 кг астам тұрмыстық қалдықтар жиналып, шығарылды.

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және
табиғатты қорғау бағдарламаларыб
өлiмiнiң бас маманы
А. Славный