«Қайталама шикiзат жинау бойынша үздiк аула»: экологиялық акциясының қорытындысы

«Қайталама шикiзат жинау бойынша үздiк аула»: экологиялық акциясының қорытындысы

Петропавл қ. пәтер иелерi кооперативтерi арасында «Қайталама шикiзатты жинау бойынша үздiк аула» экологиялық акциясының қорытындысы шығарылды. Акция басқарманың тапсырысы бойынша «GreenHelp» қоғамдық бiрлестiгiнiң, «КАЗРИМАГРО» және «СКО ВторРесурс» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерiнiң қатысуымен өткiзiлдi.

Кооперативтер келесi өңдеу үшiн қалдықтарды бөлек жинап, жарысты: пластик, қағаз, шыны, қаңылтыр банк, ескi техника.

Конкурс қорытындысы бойынша ең белсендi кооперативтер сыйлықтармен — пәтер иелерi кооперативтерiнiң мұқтаждықтары үшiн шаруашылық тауарларымен ынталандырылды:

1 орын – Жамбыл өткелi, 1А, 2 орын — Сүтiшев к., 23 үй, 3 орын — Уәлиханов, 19 үй, 4 орын — Жумабаева, 101 үй, 5 орын — Островский, 82 үй.

В. Спиней
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және табиғат қорғау бағдарламалары бөлiмiнiң
бас маман