Орманды жанама пайдалану — шөп шабу

Орманды жанама пайдалану — шөп шабу

Жанама пайдалану дегеніміз орманның ағаштан алынбаған өнімдерін тамақ үшін және халық шаруашылығының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдалану.

Орман жанама пайдалануға: марал өсіру, ара ұялары мен омарта орналастыру, ауылшаруашылық дақылдарын өсіру, шабындық және мал жаю жатады.

Мемлекеттік орман қорының аумағында пішен шабу және мал жаю МОҚ учаскелерінде шөп шабу және мал жаю ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Шөп шабуға және мал жайылымға, осы мақсатқа жарамды, мемлекеттік орман қорына кіретін ауыл шаруашылығы жерлері бөлінеді, сондай-ақ табиғи және жасанды ормандарды қалпына келтіруді, шөп шабу басталғанға дейін оларды жақсартудың басқа шараларын көздемейтін жазықтар мен басқа да ормансыз жерлер пайдаланылады, сондай-ақ қайта құруға арналмаған құндылығы аз екпелердің жеке учаскелері.

Мемлекеттік орман қорының учаскелерін орман пайдаланушыларға шабындыққа беру кезінде орман пайдаланушының өтініші мен қысқа мерзімді орманды пайдаланғаны үшін төлемді растайтын құжаттар негізінде орман билеті беріледі.

Мемлекеттік орман қорының берілген учаскелерінде пішендеу орман билеттерінде көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.

2021 жылдың басынан бастап «Қызылжар орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша жанама пайдалану үшін — шөп шабуға 4 орман билеті жазылды.Қызмет «Е- лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы Ақпараттық жүйесі арқылы ұсынылды.

Орман билетін беру үшін азаматтар: www.elicense.kz порталы арқылы белгіленген үлгіге сәйкес өтінім беруі, орманды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларына сәйкес қызмет ақысын төлеуі және мекемеге төлем туралы түбіртекті ұсынуы қажет, содан кейін орман билеті шығарылады және беріледі.

Қызмет көрсетуге өтініштер дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9: 00-ден 17: 00-ге дейін, 13: 00-ден 14: 30-ға дейінгі түскі үзіліспен қабылданады.

Орман шаруашылығы инженері Е.С. Гайворон
«Қызылжар орман шаруашылығы» КММ