Саңырауқұлақтарды жинау және пайдалану кезінде сақтық шаралары

Саңырауқұлақтарды жинау және пайдалану кезінде сақтық шаралары

Орман — шулы елді мекендерден алыста демалудың тамаша мүмкіндігі. Көп адамдар орманға саңырауқұлақ жинауға барады. Бірақ саңырауқұлақтар улы болуы мүмкін, сондықтан оларды жинау кезінде аса мұқият болу қажет.

Саңырауқұлақтар — тез бұзылатын өнім және микробтардың дамуы үшін жақсы орта болып табылады. Сол себепті, оларды жинағаннан кейін 3-4 сағаттан кешіктірмей өңдеу қажет.

Көбіне, саңырауқұлақтардан улану жиі болады, олар жеуге жарамдылармен ұқсас болады және кездейсоқ бірге жиналып кетуі мүмкін. Мұндай қауіпті қателік жібермеу үшін саңырауқұлақтардың жалпы белгілерін жақсылап зерттеп және улы түрлерінен айырмашылықтарын білген абзал.

Жалпы жинаған кезде саңырауқұлақтардың танымал түрлерін жинау керек. ал танымайтын және күмәнді түрлерін тағам ретінде пайдаланбау керек. Кейбір саңырауқұлақтардың сипатты белгілері болмауы мүмкін, мысалы, шыбынжұт басындағы ақ үлпектер қатты жауынмен жуылып кетуі мүмкін, сондай-ақ ең басынан кесілген сасық саңырауқұлақтың қалпағы сақинаны байқауға мүмкіндік бермейді.

Ересектерге қарағанда, балалар үшін көптеген саңырауқұлақтар қауіп төндіреді, сондықтан «жақсы» саңырауқұлақтардың өзін пайдаланған кезде балаларға беруді шектеген жөн.

Саңырауқұлақтарды жинаған кезде 5 қауіпсіздік қағидасы:

  • Қандай жағдай болмасын, білмейтін саңырауқұлақтарды жинамаңыз және сатып алмаңыз. Себетке кездейсоқ түскен бір ғана сасық саңырауқұлақ қалған саңырауқұлақтарды уландырып, қауіпті етуі мүмкін.
  • Құрттаған және аса өсіп кеткен саңырауқұлақтарды алмаңыз, өйткені олар уландырғыш заттардан тұрады.
  • Улы химикаттар пайдаланатын өнеркәсіптік кәсіпорындардың, тас жолдардың, темір жолдардың, егістіктердің жанында саңырауқұлақ жинамаңыз. Себебі, саңырауқұлақтар топырақтан және ауадан барлық лас заттарды жинайды.
  • Жинау кезінде мырышпен қапталған шелектерді пайдаланбаңыз, өйткені саңырауқұлақтар онда тотығады. Ыдыс пластмассадан болуы керек, ал тал шыбықтан болса, тіпті жақсы болады.

Саңырауқұлақ жинаған кезде абай болыңыздар: осы мақалада келтірілген ұсыныстарды сақтаған жөн, ең бастысы, өздеріңіз танитын саңырауқұлақтарды ғана жинаңыз.

А.О. Шәріпов,
«Булаев орман шаруашылығы» КММ
Конюхов орман шаруашылығының орман шебері