Облыстың су қоймаларында балық ресурстарын молайту жөнiндегi мемлекеттiк тапсырысты орындау

Облыстың су қоймаларында балық ресурстарын молайту жөнiндегi мемлекеттiк тапсырысты орындау

«Петропавл балық питомнигi» РМҚК ағымдағы жылдың 5 және 6 мамырында мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде Петропавл және Сергеев су қоймаларына ақ балық тұқымдарын жiберудi жүргiздi. Шығарылатын балық өсiру материалының көлемi 44 млн. 810 мың дананы құрады.

Балық жiберу балық ресурстарының санын сақтау және ортаның репродуктивтiлiгiн арттыру мақсатында жүргiзiледi. Балық қоры адамның iс-әрекетiнен келтiрiлген залалды өтеу үшiн толықтырылады. Бағалы балық түрлерiн жасанды түрде көбейту жөнiндегi жұмыстар су биологиялық ресурстарының биологиялық әртүрлiлiгiн жақсартады, балық шаруашылығын неғұрлым белсендi пайдалануға ықпал етедi.

Жануарлар дүниесi және балық
ресурстары бөлiмiнiң бас маманы
Е. А. Суворов