М.Қозыбаев атындағы СҚУ бойынша 2021 жылғы түлектердiң «Бос орындар жәрмеңкесiне» қатысу

М.Қозыбаев атындағы СҚУ бойынша 2021 жылғы түлектердiң «Бос орындар жәрмеңкесiне» қатысу

Ағымдағы жылдың 28 сәуiрiнде М.Қозыбаев атындағы СҚУ агротехнологиялық факультетiнде ZOOM арқылы БКБ форматында «2021 жылғы түлектерге арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесi» өткiзiлдi.

Конференция жұмысына Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 12 мемлекеттiк орман шаруашылығының басшылары қатысты.

Басқарма өкiлi қатысушыларды облыстағы орман шаруашылығы бойынша 23 бос жұмыс орны, ұсынылатын еңбек жағдайлары, бос жұмыс орындарының орналасқан жерi туралы таныстырды. Ал «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» факультетiнде 2021 жылы 6 түлек оқуын аяқтайды.

Бос жұмыс орындарын сапалы мамандармен толықтыру үшiн басқарма тұрақты негiзде орман саласы үшiн мамандар даярлауға қатысады. Оқу жоспарын құру кезiнде ұсыныстар енгiзедi, студенттердi өндiрiстiк практикаға қабылдайды, мамандар мен ИТҚ студенттердiң тәлiмгерi болады.

Практикадан өту кезiнде болашақ мамандар болашақ мамандық туралы көптеген қызықты және пайдалы нәрселердi үйренедi және сол арқылы олардың дұрыс таңдау жасағанын түсiнедi.

Студенттердiң едәуiр бөлiгi өндiрiстiк практикадан өткен орман шаруашылықтарында штаттағы қызметкерлерге айналады.

Кездесу түлектер үшiн де, жұмыс берушiлер үшiн де сәттi аяқталды, жас мамандарды мемлекеттiк орман шаруашылығы бойынша алдын ала бөлу өттi.

Түлектерге оқу процесiн сәттi аяқтау, мемлекеттiк емтихандарды тапсыру, дипломдық жұмыстарды қорғап, бөлiнген орнына жұмысқа келу ғана қалды.

Орман шаруашылығы және
ЕҚТА бөлiмiнiң маманы
С.Е. Сүлейменова