СҚО резервтiк су айдындарында табиғатты қорғау акциясын өткiзу

СҚО резервтiк су айдындарында табиғатты қорғау акциясын өткiзу

«Таза Табиғат» ұлттық жобасы шеңберiнде 2021 жылғы 24 сәуiрде Солтүстiк Қазақстан облысының резервтiк су айдындарында балық шаруашылығы су айдындарын тасталған желiлерден тазарту, жағалау аумағын қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазарту мақсатында табиғатты қорғау акциясы өткiзiлдi.

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Есiл облысаралық бассейндiк балық шаруашылығы инспекциясы» РММ, «Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша экология департаментi» РММ, «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөнiндегi Есiл бассейндiк инспекциясы» РММ, «Солтүстiк Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi аумақтық инспекциясы» РММ, Солтүстiк Қазақстан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы, табиғат қорғау полициясымен бiрлесiп, М.Қозыбаев ат. Солтүстiк Қазақстан университетiнiң студенттерi мен оқытушылары, сондай-ақ ерiктiлер саны 90 адам, Петропавл гидроторабының арғы бетiнен (Жеңiс саябағынан 20 ш/а қарау алаңына дейiн) жағалық аумағындағы қоқысты жинауға қатысты. Акция барысында 10 гектардан астам қоқыс жиналып, 1,5 тонна қоқыс жиналды.

Облыстың 30 резервтiк су айдындарында 12 орман мекемесiнiң (245 адам) қызметкерлерi тазалау жүргiздi, 47 бiрлiк техника жұмылдырылды, 12 тоннадан астам қоқыс жиналды және 17 желi тартылды.