Экологиялық сенбiлiк

Экологиялық сенбiлiк

«Таза Табиғат» ұлттық жобасын iске асыру шеңберiнде 2021 жылғы 24 сәуiрде «Бiрге таза Қазақстан», «Мекенiм — жасыл орманым», «Таза су айдындары» экологиялық акциялары өткiзiлдi.

СҚО әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, Солтүстiк Қазақстан орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi аумақтық инспекциясының, Есiл облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк инспекциясының, табиғатты қорғау полициясының, су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөнiндегi Есiл бассейндiк инспекциясының, СҚО бойынша экология департаментiнiң қызметкерлерi, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттерi Есiл өзенiнiң жағалауы мен оған iргелес орман жолағына тазалау жүргiздi. 100-ден астам адам 2 тоннадан астам қоқыс жинады. Жеңiс саябағында 20 шырша көшеттерi отырғызылды.

Акциялар экологиялық мәдениеттi қалыптастыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, орман және су ресурстарын сақтауға ықпал етедi.

Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және табиғатты қорғау бағдарламалары
бөлiмiнiң бас маманы А. Славный