«Аққайың орман шаруашылығы» КММ бойынша профилактикалық күйдіру жүргізу

«Аққайың орман шаруашылығы» КММ бойынша профилактикалық күйдіру жүргізу

2021 жылдың 21 сәуірінде «Аққайың орман шаруашылығы» КММ бойынша басқарылатын профилактикалық күйдіру жұмыстары аяқталды. Жоспарға сәйкес орындалғаны — 1 200 шақырым, оның ішінде: Аққайың орманшылығы — 300 шақырым, Бестерек орманшылығы – 500 шақырым, Қаратомар орманшылығы — 400 шақырым. Күйдіру жұмыстарын жүргізу үшін әрбір орманшылықта орман шеберлерінің басшылығымен мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің 2 бригадасы ұйымдастырылды. Әрбір топқа ПКЛ-70 соқасы бар МТЗ-82,1 тракторы және «УАЗ», «ВАЗ-Нива» автомобилі бекітілген. Барлығы 5 трактор, 6 автомобиль және 30 адам орман күзеті қызметкерлері жұмылдырылды. Жұмыс басталар алдында барлық қызметкерлерге қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау берілді. Күйдіру жұмыстары басқарылатын күйдіру ережелеріне сәйкес жүргізілді. Ең алдымен, өрт шығу ықтималдығы жоғары жерлерде, автомобиль жолдарының бойында, мемлекеттік орман саяжайларында (МОС), телімдердің айналасында, мемлекеттік орман қоры жерлерінің шекарасы бойында. Жұмыстар 14 сәуірден 21 сәуірге дейін жүргізілді.

Орман қорғау инженері
Т. Нұрғалімов