Наурыздың соңында сәуiрдiң басында бiздiң өңiрге жыл құстары оралады. Сондай құстардың бiрi — қараторғай.
«Булаев орман шаруашылығы» КММ-сi қараторғайдың қандай құс екенiн және бiзге қандай пайда әкелетiнiн еске салады.
Қараторғайды басқа орташа көлемдегi торғайлардан оңай ажыратуға болады. Олар қысқа құйрығымен, өткiр тұмсығымен, дөңгелек және шағын сұлбасымен, сарғыштау мықты аяқтарымен ерекшеленедi. Ұшқан кезде қанаттары үшкiрленедi. Қауырсын түсi қара сияқты көрiнедi, бiрақ жақын қараған кезде күлгiн, көк, жасыл, қызылкүрең, шұбар ақ сияқты құбылмалы түстердi көруге болады. Ақ түстi қауырсындары қысқы мезгiлге қарай көбейедi. Бұл шулы құстар жыл бойы ән салып, әртүрлi дыбыстар шығарады.
Қараторғайлар қалаларда және оның жақын маңындағы жасанды құрылыстар мен ағаштарға қоныстанады. Олар егiн алқаптарын, тал шiлiктердi, бақшаларды, майда ағаштарды, ормандарды, бос орындарды және жартасты жағалауды үйшiк, пана ретiнде пайдаланады. Қалалар мен ауылдарда бұл құстар балкон, терезе астын, шатыр астын және кез келген ыңғайлы әрi оңаша орындарды паналауға тырысады. Адамдар үшiн ыңғайсыздық туғызғанымен бұл орындар құстар үшiн баспанаға айналады.
Құстардың мәзiрi әртүрлi, олар қорек таңдамайды, бiрақ олар жәндiктердi, әсiресе, ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерiн жақсы көредi.
Құстар үлкен жәндiктермен және де олардың дернәсiлдерiмен қоректенедi. Олар жерден құрттарды, ызылдауық қоңыздарды, қарамықшаларды тере алады. Сондай-ақ ұлуларды, кiшкентай кесiрткелердi, қосмекендiлердi, шыбын-шiркейлер мен масаларды жейдi. Сонымен бiрге, қараторғайлар кез келген көкөнiстердi, жемiстердi, астықтарды, өсiмдiк тұқымдары мен тағам қалдықтарын жей бередi.
«Таза табиғат» жобасы аясында осы бiр пайдалы жыл құсы үшiн «Булаев орман шаруашылығы» КММ-сi орман шаруашылығымен және ауданның оқушыларымен бiрлесiп, мектеп аумағында құстарға арналған үйшiктер орнатты. Осылайша, өткiзiлген акция нәтижесi бойынша 56 үйшiк орнатылды.
Ж.А. Абаев
орманды күзету мен қорғау инженерi