«Туған өлкенің табиғаты туралы үздік бейнежазба» байқауы

«Туған өлкенің табиғаты туралы үздік бейнежазба» байқауы

   Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Солтүстік Қазақстан облысының орман шаруашылығы қызметкерлерінің балалары арасында туған өлкенің табиғаты туралы үздік бейнежазба конкурсын өткізеді.
   Бейнежазбалар «Туған өлкем», «Адам және табиғат», «Табиғат балалар көзімен», «Орман және мен», «Мен таза табиғат үшін», «Солтүстік Қазақстан облысының флора мен фаунасы», «Аймақ экологиясы», басқа да тақырыптар, табиғатқа арналған, қоршаған ортаны қорғау және ұқыпты қарау және табиғи ресурстары тақырыптық бағыттар бойынша ұсынылуы мүмкін.
Байқаудың мақсаты – Солтүстік Қазақстанның табиғи ресурстарын сақтау мәселелеріне назар аудару, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, туған өлкеге деген сүйіспеншілік пен қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
   Конкурсқа қатысушылар: Солтүстік Қазақстан облысы орман күзеті
қызметкерлерінің 15 жасқа дейінгі балалары.
   Бейнежазбаға қойылатын талаптар:
- бейнежазбаның ұзақтығы – 2 минуттан аспау керек;
- бейнежазбаның мазмұны конкурс тақырыбына сәйкес болуы тиіс;
- бейнежазба қатысушының авторлық жұмысы болуы керек.
   Конкурсты өткізу мерзімі: бейнежазбалар 2026 жылғы 22 қыркүйектен бастап 15 қазанды қоса алғанда қабылданады.
   Жеңімпаздарды анықтау тәртібі: жеңімпаздар 2026 жылғы 15 қазанда сағат 18:00-дегі жағдай бойынша Instagram әлеуметтік желісіндегі бейнежазбалар жинаған ең көп дауыс (лайк) санымен анықталады.
   Жас қатысушыларды конкурсқа қатысуға және туған өлкенің табиғаты, оның сұлулығы мен табиғи ресурстарға ұқыпты қарау қажеттілігі туралы өз көзқарастарымен бөлісуге шақырамыз.