
Орман заңсыздығы - ормандарға тікелей зиян келтіретін, орман шаруашылығына зиян келтіретін немесе ормандарды пайдаланудың, күзетудің, қорғаудың және молықтырудың белгіленген тәртібін бұзатын, бұзушының әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылығына әкелетін заңсыз әрекет немесе әрекетсіздік.
Білу керек: Орманды заңсыз кескені үшін кінәлі тұлға келтірілген залалдың шамасына қарай әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
ҚР Әкімшілік кодексінің 381-1 - бабының 2-бөлігіне сәйкес-елу айлық есептік көрсеткішке дейін зиян келтіре отырып, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау- заңсыз кесілген ағаштар мен бұталарды, көлік құралдарын және аталған бұзушылықтарды жасау құралы болып табылған бұзушының өзге де заттарын тәркілей отырып, жеке тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабының 2-тармағына сәйкес-елеулі залал келтіре отырып, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау – екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейінгі мерзімге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Орман қорғау және күзету инженері: Кучерявенко А.В.