Солтүстік Қазақстан облысының қоршаған орта компоненттерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылғы II тоқсанның қорытындылары шығарылды.
Су қорғау іс-шаралары. Есіл бассейні су объектілерінің ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болдырмау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 19 ақпандағы № 41 «Солтүстік Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулысымен облыстың 109 бірінші кезектегі суқоймаларында су қорғау аймақтары, белдеулері және шаруашылықта пайдаланудың шектеулі режимі белгіленді: Есіл өзенінде және оның екі ірі саласы – Ақанбұрлық пен Иманбұрлықта, Жембарақ, Мұқыр, Аралтөбе, Қамысақты, Шарық, Бабықбұрлық, Бітеке, Шағалалы (Чаглинка) кіші өзендерінде, сондай-ақ Шарық суқоймасында, Шұдасай, Шат, Құланайғыр, Семізбай өзендерінің учаскелерінде және 91 көлде.
Өңірдің су объектілерінде барлығы 728 су қорғау белгісі орнатылды, оның ішінде:
- Есіл өзенінде - 550 белгі;
- Иманбұрлық және Ақанбұрлық өзендерінде - 64 белгі;
- Бабықбұрлық өзенінде – 8 белгі;
- 62 көлде - 106 белгі.
Жыл сайын ЖОО студенттерінің, жастар қоғамдық бірлестіктерінің, мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен жағалау желілерін қоқыстан тазарту бойынша экологиялық акциялар өткізіледі.
Коммуналдық қалдықтарды басқару. Солтүстік Қазақстан облысының аумағында ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтарды) орналастырудың 444 объектісі бар, оның ішінде 429-на жер учаскелері ресімделген және 7 ҚТҚ полигонына тиісті рұқсат беру құжаттамасы бар.
Қазіргі уақытта Жамбыл ауданының Пресновка ауылында ҚТҚ полигонын салуға құжаттама әзірленуде. М. Жұмабаев ауданының Булаев қаласында ЖСҚ (жобалау-сметалық құжаттама) әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді.
Облыс орталығындағы жұмыс істеп тұрған ҚТҚ полигонының жобалық қуатының таусылуына байланысты жаңа полигон салу туралы шешім қабылданды. Осы мақсаттар үшін жер учаскесі бөлініп, ЖСҚ әзірленді, 2026 жылғы 29 сәуірде оң қорытынды алынды. Сонымен қатар, Петропавл қаласының жұмыс істеп тұрған ҚТҚ полигонының рұқсат ету мерзімін 2027 жылдың соңына дейін ұзарту бойынша жұмыс жүргізілді.
2026 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша ҚТҚ қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі 32%-ды құрады және 2025 жылмен салыстырғанда (23,39%) 8,6%-ға өсті.
Петропавл қаласында ҚТҚ (ПЭТ, шыны, картон, қаңылтыр құты) бөлек жинау үшін контейнерлік алаңдарда 40 контейнер, макулатураға арналған 50 экобокс орнатылды. Бұл жұмысты «Радуга» ЖШС жүзеге асыруда. Бұдан басқа, қайталама шикізатты қабылдайтын 6 стационарлық пункт ұйымдастырылды.
3 аудан орталығында: Қызылжар, Мамлют, Тайынша аудандарында кәсіпкерлер қайталама шикізатты жинауды жүзеге асырады. Облыс орталығында жеке тұлғаларға қызмет көрсету үшін қоқыс шығаратын 5 ұйым және заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін тағы 3 ұйым бар.
Атмосфералық ауаның сапасы. Петропавл қаласындағы атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау төрт бақылау бекетінде, оның ішінде сынамаларды қолмен алатын 2 бекетте және 2 автоматты станцияда жүргізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Қазгидромет» ШЖҚ РМК стационарлық бақылау желісінің мәліметтері бойынша атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары деп бағаланды, ол 24,2-ге тең СИ (өте жоғары деңгей) мәнімен және НҚ=10% (жоғары деңгей) арқылы анықталды. Орташа тәуліктік ластаушы заттардың шоғырлануы шекті рұқсат етілген шоғырланудан (ШРШ) асқан жоқ.
Ең жоғары бір реттік шоғырлану:
Қалған ластаушы заттардың ең жоғары бір реттік шоғырлануы белгіленген нормативтерден асқан жоқ.
Экологиялық реттеу. Экологиялық реттеу шеңберінде 2026 жылғы II тоқсанда берілгені:
- мемлекеттік экологиялық сараптаманың 15 қорытындысы;
- қоршаған ортаға әсер етуге 16 рұқсат.
Осы кезеңде III санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға әсер ету туралы 43 декларация қабылданды.
СҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметі бойынша, 2026 жылдың 1 жартыжылдығында қоршаған ортаға эмиссиялар үшін облыс бюджетіне 1 млрд 191 млн 901 мың теңге түсті.
Сондай-ақ, белгіленіп отырған қызмет жобалары бойынша қоғамдық тыңдауларды үйлестіру жұмыстары жүргізілуде. 39 қоғамдық тыңдау өткізілді (оның ішінде 20 қоғамдық тыңдау ашық жиналыстар арқылы және 19 қоғамдық тыңдау жария талқылаулар арқылы).