
Солтүстік Қазақстан облысы – Қазақстан Республикасының табиғи-қорық қорына енген және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар болып табылатын, адам қолы тимеген қайыңды-көктеректі шоқ ормандар мен табиғи ғасырлық қарағайлы ормандардың бір бөлігі орналасқан өлке. Бұл – баға жетпес ұлттық игілік болып саналатын Жамбыл ауданындағы аумағы 9 гектар «Жаңажол» қарағайлы орманы, Қызылжар ауданындағы аумағы 83 гектар «Серебряный бор» (Күміс қарағайлы орман) және аумағы 26 гектар «Сосновый бор» (Қарағайлы орман), Айыртау ауданындағы аумағы 3 гектар «Орлиная гора» (Бүркітті тау) шоқысы мен бұлақ көзі.
Алайда, бұл жерлердің сұлулығы мен мәртебесі тұрақты қорғау мен қамқорлықты қажет етеді. Болашақ ұрпақ үшін бірегей экожүйелерді сақтап қалу мақсатында мемлекеттік орман шаруашылықтары тұрақты негізде жоспарланған орман шаруашылығы іс-шараларын жүргізіп келеді.
Ауқымды «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында қорғалатын табиғат ескерткіштерінің аумақтары жүздеген бей-жай қарамайтын азаматтардың тартылыс орталығына айналды. 2026 жылдың маусым айында осы аумақтарда мемлекеттік орман шаруашылықтарының, эко-белсенділердің, жастар жасақтарының, волонтерлер мен жергілікті тұрғындардың күшімен ауқымды сенбіліктер тұрақты түрде өткізілді.
Мұндай акциялардың басты мақсаты – жауапсыз «жабайы» туризмнің салдарын жою. Қатысушылар орман алаңқайлары мен туристік соқпақтардан пластик, шыны және тұрмыстық қалдықтарды жинап, шығарады. Бұл жұмыс өңір табиғатына деген қамқорлықтың бір реттік акциялардан солтүстікқазақстандықтардың тұрақты ішкі мәдениетіне ұласып келе жатқанын айқын дәлелдейді.
Табиғатты сақтау жеке жауапкершілікті сезінуден басталады. Жиналған әрбір қап қоқыс – біздің бірегей жеріміздің аман қалған бір бөлшегі.
Экологиялық вандализмге қарсы тосқауыл ретінде аншлагтар (ақпараттық тақтайшалар) орнатылды. Акцияларды өткізу барысында барлық қолда бар аншлагтар, паннолар жаңартылып, боялып, тиісті қалыпқа келтірілді.
Аумақты тазарту – істің жартысы ғана, оның қайта ластануына жол бермеу маңызды. Жаңа ақпараттық аншлагтар мен ескерту қалқандарын орнату, жаяу және патрульдік көліктермен рейдтік іс-шаралар жүргізу экологиялық ағарту мен бақылаудың тиімді құралына айналды.
Күзет аймақтарының кіреберістерінде және танымал жаяу маршруттардың бойында орнатылған жаңа стендтер 2 функцияны орындайды:
Мұндай визуалды маркерлер туристерді тәртіпке шақырады және антропогендік жүктемені бақылауда ұстауға көмектеседі.
Төселген минералды жолақтар: тілсіз жаудан қорғайтын сенімді қалқан.
Егер қоқыс эстетикалық және санитарлық қауіп болса, өрт – өлімге әкелетін қауіп. Жазғы кезеңдегі өрт қауіптілігінің жоғары тәуекелдерін ескере отырып, орман шаруашылықтары табиғат ескерткіштерін қорғау бойынша қатаң превентивті жұмыстар жүргізуде.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың бүкіл аумағы периметрі бойынша ені 4 метрлік минералды жолақпен жыртылған.
Арнайы техниканың көмегімен тракторлар қорғалатын объектілердің периметрі бойынша жерді жыртады, топырақ қабаты жанғыш материалдардан – құрғақ шөптерден, жапырақтардан және бұтақтардан толық тазартылады.
Мұндай жолақтардың ені мен тереңдігі дала немесе төменгі орман өрті кезінде оттың қорық ағаштарына ауыспауы үшін есептелген. Минералды жолақтарды тарту – бұл көрінбейтін, бірақ екпелерді оттан аман алып қалатын ең маңызды кедергі.
Солтүстік Қазақстан облысының табиғат ескерткіштерін сақтау – бұл әрбір бөлшек маңызды болатын үздіксіз кешенді процесс, мұнда өртке қарсы үзілістерді тартатын ауыр техника мен аншлагты орнататын құрылымдық бөлімше басшысы да, волонтерлер мен қарапайым халық та өздерінің шама-шарқынша үлестерін қосуда.
Өңірдің нәзік экожүйесін мемлекеттің, мемлекеттік орман күзетінің және әрбір жеке адамның бірлескен күш-жігерімен ғана қорғауға болады. Демалысқа шыққанда есте сақтаңыз: табиғат адам қолы тимеген бастапқы қалпында ғана әдемі.
Орман шаруашылығы және ЕҚТА
бөлімінің статистигі
С.Е. Сүлейменова