Аңшылық — күн көрудiң бiр тәсiлi ретiнде ертеден келе жатқан адамның әуестiгi болып табылады. Ерте заманнан адамдар жыл бойы аң аулаған. Қазiр аң аулау сауыққа және туризмнiң белсендi түрiне айналды, жабайы құстар мен аңдар басқа маңызға ие болып олжа саналады және ол аңшының ептiлiгiн көрсетедi. Қысқы аң аулау басқа маусымдарға қарағанда ерекшеленедi және оның өзiндiк артықшылықтары мен кемшiлiктерi бар.
Аң аулау маусымы қыс басталардың алдында 1 қараша күнi ашылады. Көптеген аңшылар осы қысқы маусымда аң аулауды таңдайды, өйткенi бұл кезде лайсаң мен ылғал болмайды, жер қатып, күн ендi ғана суыта бастайды. Осы кезде аңшылар жылы киiнiп, өзiнiң олжасына жолға шығады, әсiресе, дәл осы кезеңде құстар мен аңдар әдемi келедi.
Сондықтан ертеден келе жатқан аң аулау дәстүрi заңмен қайшы келмеуi үшiн «Булаев орман шаруашылығы» КММ аңшылық жүргiзу ережесiн сақтаудың маңыздылығы және қажеттiлiгi туралы еске салады. Сондай-ақ мекеме жануарлар дүниесiн пайдалану мен аңшылық ережесi облысында жасалған бұзушылықтарға қолданылатын шаралар туралы ескертедi:
Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы кодексiнiң 382-бабы «Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу» 1 тармағына сәйкес Қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi жоқ, жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және (немесе) аң аулау қағидаларын бұзу — ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға — бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде (13890 теңге) айыппұл салуға әкеп соғады.
Ал егер қылмыстық жаза қолданылатын әрекеттермен аңшылық ережесiн бұзған жағдайда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 337 бабына сәйкес заңсыз аңшылық алты мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, бас бостандығынан айыруға немесе басқа жазаларға әкеп соғады.
«Булаев орман шаруашылығы» КММ-сi барлық аңшыларға олжалы аңшылық пен жақсы демалыс өткiзудi тiлейдi.
В.И. Янулявичюс
Молодежный орман шаруашылығының орман шеберi