2026 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысының жер үсті су объектілерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бойынша

2026 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысының жер үсті су объектілерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бойынша

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 2026 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысының жер үсті су объектілерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерінн бекіту мәселесі бойынша хабардар етеді.

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 01-01-21-01/5839 Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 250-НҚ бұйрығымен бекітілген жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) жоспарланып отырған өзгерістерге байланысты бекітілген төлемақы мөлшерлемелері тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін төлемақы мөлшерлемелерін бекітуді 2 еседен аспайтындай етіп тоқтата тұру көрсетілген.

Көрсетілген хаттың негізінде Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төлемақы мөлшерлемелерін әзірлеу және тиісті жобасын әзірлеу жұмыстары тоқтатылды.

Қолданыстағы Әдістемеге сәйкес осы төлем мөлшерлемелер әзірленді және экономиканың бірқатар салалары бойынша 2025 жылға қатысты өсім 6 есені құрады.

2026 жылғы 8 мамырдағы жағдай бойынша тиісті өзгерістермен әдістеме түскен жоқ, төлемақы мөлшерлемелерін бекіту бойынша жұмыс қайта басталған жоқ.

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің 2026 жылғы 4 мамырдағы № 01-01-21-04/5922 хатына сәйкес әдістеме қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен келісу сатысында тұр. Келісу және мемлекеттік тіркеу рәсімінен кейін әдістеме қолданысқа енгізіледі.

Салық есептілігін толтырудың дұрыстығы және осы пайдалану үшін төлемді жүзеге асыру мәселелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне 46-62-53, 46-66-09, 46-68-50 телефондары бойынша хабарласуға болады.