«Ашық есік күні» акциясының өткізілуі

«Ашық есік күні» акциясының өткізілуі

2026 жылғы 07 сәуірде «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ-де (бұдан әрі – Басқарма) жыл сайынғы «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.

Акцияға Петропавл қаласының № 29 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары қатысты. Акцияға барлығы 10 сыныптың сегіз оқушысы қатысты.

Акцияға қатысушылар үшін Басқарма бойынша таныстыру экскурсиясы өткізілді, оның барысында бөлім басшылары мемлекеттік орган мен мемлекеттік қызметшілер қызметінің сипаты мен ерекшелігі туралы, мемлекеттік қызметтер көрсету туралы, Басқарма мамандарының заңнаманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларын сақтауы туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сондай-ақ акцияға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Акцияны өткізу нәтижесінде халық арасында мемлекеттік қызметтің имиджін арттыру және нығайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша міндеттер орындалды.