Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры аумағындағы өрт қауіпті жағдайға әсер ететін ауа райының қалыптасуына байланысты, ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2026 жылғы 06 сәуірдегі №27–03/76 НҚ бұйрығымен өрт қауіпті маусымы жарияланды.
Жыл сайын қар жамылғысы еріп, ауа температурасы оң көрсеткіштерге жеткенде егістіктерде, шабындықтарда құрғақ шөпті өртеу, қоқыс жағу мәселесі туындайды, бұл өрттің көбеюіне және оның іргелес орман алқаптарына таралуына әкеп соғады.
Жылы күндердің басталуымен халықтың табиғатқа шығып, от жағуы жиілейді.
Өрт қауіпті кезеңінде мыналарға қатаң тыйым салынады:
Өңірдегі өрт жағдайын бақылау үшін мониторингтің үш деңгейлі жүйесі қолданылады: жерүсті патрульдеуі, бейнебақылау камералары және ғарыштық мониторинг. Өрт қауіпті маусымы жарияланғаннан кейін өңірдің барлық өртке қарсы күштері мен құралдары жоғары дайындық режиміне ауыстырылады, мемлекеттік орман күзеті бекітілген мемлекеттік орман күзеті бекітілген мемлекеттік орман қоры аумақтарында жерүсті патрульдеуін күшейтеді.
Егер сіз өртті байқасаңыз, оны өз бетіңізше сөндіруге тырысыңыз. Егер от күшейіп кетсе, дереу 101 және 112 бірыңғай шұғыл қызметтер нөмірлеріне (тегін), СҚО әкімдігінің табиғи ресуртар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына 8 (715-2) 53-36-39, 8 (715-2) 53-36-45 телефондары арқылы хабарласыңыз.
Сондай-ақ орман шаруашылығы диспетчерлік қызметінің бірыңғай телефоны жұмыс істейді: 8 (715-2) 50-67-61.
Өрттің қасынан өтіп кетпеңіз! От қатыгез – ол өз жолындағының бәрін: құс ұяларын, кірпілерді, көжектерді және құтылыға еш мүмкіндігі жоқ басқа да көптеген жануарларды жояды.
Солтүстік Қазақстан облысында өрт қауіпті маусымы ағымдағы жылдың қазан айына соңына дейін жалғасады.