
2026 жылғы 05 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары М. И. Тасмағанбетов облыстың орман шаруашылығына 51 трактордың кілтін табыс етті. Салтанатты шараға орман шаруашылығы басшылары, орман саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі лизинг шеңберінде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы орман шаруашылықтары үшін жалпы сомасы 3,6 млрд.теңгеге 107 бірлік мамандандырылған техника сатып алуда.
Өткен 2025 жылы 27 шағын өрт сөндіру кешені алынды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың мамыр айында 29 өрт сөндіру автокөлігі жеткізіледі деп күтілуде.
Облыс әкімінің қолдауымен өңірде орман мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде - 79 мамандандырылған техника сатып алынып, Булаев қаласында орман өрт сөндіру станциясының құрылысы аяқталды.
Алынған барлық техника ормандарды өрттен қорғауға, ден қоюдың жеделдігін арттыруға және орман өнеркәсібі қызметкерлерінің еңбегін едәуір жеңілдетуге жұмылдырылатын болады.