Солтүстік Қазақстан облысының қоршаған орта компоненттерінің жай-күйі туралы

Солтүстік Қазақстан облысының қоршаған орта компоненттерінің жай-күйі туралы

Солтүстік Қазақстан облысының қоршаған орта компоненттерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылдың қорытындысы шығарылды.

Су қорғау іс-шаралары. Есіл бассейніндегі су объектілерінің ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болдырмау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 19 ақпандағы №41 «Солтүстік Қазақстан облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылық мақсатта пайдалану режимі туралы» қаулысына сәйкес облыстың 109 басым су айдындарында су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленіп, оларды шаруашылық мақсатта пайдаланудың шектеулі режимі енгізілді, Есіл өзенінде және оның екі ірі саласы – Ақанбұрлық пен Иманбұрлық өзендерінде, Жембарақ, Мұқыр, Аралтөбе, Қамысақты, Шарық, Бабайбұрлық, Битеке, Шағалалы шағын өзендерінде, сондай-ақ Шарық су қоймасында, Шудасай, Шат, Құланайғыр, Семізбай өзендерінің жекелеген учаскелерінде және 91 көлде су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленді.

Өңірдің су объектілерінде барлығы 720 су қорғау белгілері орнатылған, оның ішінде:

- Есіл өзенінде - 550 белгі;

- Иманбұрлық және Ақанбұрлық өзендерінде - 64 белгі;

- 62 көлде - 106 белгі.

Жыл сайын ЖОО оқушыларының, жастар қоғамдық бірлестіктерінің, мемлекеттік мекемелер мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерінің қатысуымен жағалау сызықтарын қоқыстардан тазарту бойынша экологиялық акциялар өткізіледі.

Коммуналдық қалдықтарды басқару. Солтүстік Қазақстан облысының аумағында ҚТҚ орналастырудың 444 объектісі бар, оның ішінде 429-да жер учаскелері ресімделген және ҚТҚ-ның 8 полигонына тиісті рұқсат беру құжаттамасы бар.

Қазіргі уақытта Жамбыл ауданы Пресновка ауылында ҚТҚ полигонын салуға құжаттама әзірленуде. М. Жұмабаев ауданы Булаев қаласында ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптама жүргізілді.

Облыс орталығының қолданыстағы ҚТҚ полигонының жобалық қуатын өндіруге байланысты жаңа полигон салу туралы шешім қабылданды. Осы мақсатта жер учаскесі бөлініп, ЖСҚ әзірленді, мемлекеттік сараптамада жатыр. Сонымен қатар, Петропавл қаласының қолданыстағы ҚТҚ полигонының рұқсатының қолданылу мерзімін 2027 жылдың соңына дейін ұзарту бойынша жұмыс жүргізілді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша ҚТҚ қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі 23,39%-ын құрады және 2024 жылмен салыстырғанда 3,09%-ға өсті (20,3%).

Петропавл қаласында ҚТҚ (ПЭТ, шыны, картон, алады) бөлек жинау үшін контейнерлік алаңдарда 40 контейнер, макулатура үшін 50 экобокс орнатылды. Бұл жұмысты «Радуга» ЖШС жүзеге асырады. Сонымен қатар, қайта өңделетін шикізатты қабылдайтын 6 стационарлық пункт ұйымдастырылды.

3 аудан орталықтарында: Қызылжар, Мамлют, Тайынша кәсіпкерлері қайталама шикізат жинауды жүзеге асырады.

Облыс орталығында жеке тұлғаларға қызмет көрсету үшін 5 қоқыс шығаратын ұйым және заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін тағы 3 ұйым бар. Облыста барлығы 3176 контейнер бар (Петропавл қаласында - 1978 контейнер және халыққа қызмет көрсету үшін 24 қоқыс тасушы, аудандарда – 1198).

Ғарыш мониторингі - «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Геопорталының деректері бойынша 2025 жылдың қорытындысы бойынша 113 рұқсат етілмеген қалдықтарды орналастыру орны анықталды, 100% жойылды.

Атмосфералық ауаның сапасы. Петропавл қаласында атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау төрт бақылау бекетінде, оның ішінде 2 қолмен сынама алу бекетінде және 2 автоматты станцияда жүргізіледі.

«Қазгидромет» РМК-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша стационарлық бақылау желісінің деректері бойынша атмосфералық ауаның ластану деңгейі төмен деп бағаланды, ол №6 бекет ауданындағы күкіртсутегі бойынша ИЗА=2 (төмен деңгей), СИ 23,8 (өте жоғары деңгей) және ең ЖҚ=7% (жоғары деңгей) мәнімен айқындалды.

Ластаушы заттардың орташа тәуліктік концентрациясы рұқсат етілген шекті концентрациядан аспады.

Максималды-бір реттік концентрация:

  • күкіртсутек-23,8 ШРКм.р.;
  • көміртегі оксидінің мөлшері - 1,1 ШРКм.р.;
  • азот оксидінің мөлшері - 1,98 ШРКм.р.;
  • азот диоксидінің мөлшері-3,6 ШРКм.р.:
  • күкірт диоксидінің мөлшері-3,32 ШРКм.р.
  • Басқа ластаушы заттардың максималды бір реттік концентрациясы белгіленген нормативтерден аспады.

Экологиялық реттеу. Экологиялық реттеу шеңберінде 2025 жылға:

  • Мемлекеттік экологиялық сараптаманың 70 қорытындысы;
  • Қоршаған ортаға әсер етуге 61 рұқсат.

Осы кезеңде III санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация қабылданды - 170.

СҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің деректері бойынша облыс бюджетіне 2023 жылы қоршаған ортаға эмиссиялар үшін 2 353 млн.356 мың теңге түсті.

Сондай-ақ, жоспарланған қызмет жобалары бойынша қоғамдық тыңдауларды үйлестіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2025 жылы 187 қоғамдық тыңдау өткізілді (оның 103-І ашық жиналыс арқылы қоғамдық тыңдау және 84-і қоғамдық талқылау арқылы).