
2026 жылғы 05 ақпанда «Солтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті, «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи парк» РММ, «ҚТЖ» ҰК» Астана қорғаныс екпелері дистанциясының филиалы», Оңтүстік Орал темір жолының Петропавл бөлімшесі, орман шаруашылығы басшылары өкілдерінің қатысуымен өрт қауіпті маусымға дайындық бойынша кеңес өткізілді.
Кездесу барысында 2025 жылғы өрт қауіпті маусымның қорытындысы шығарылып, 2026 жылғы маусымға дайындық шаралары қаралды. Мемлекеттік орман күзеті мен орман өрт сөндіру станцияларының қызметкерлерін оқыту мәселелеріне, сондай-ақ төтенше жағдайларға ден қою кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритміне ерекше назар аударылды.
Қазіргі уақытта өңірде өрттер мен орман өрттерін жоюға байланысты күштер мен құралдардың өзара іс-қимыл жоспары және 2026 жылға арналған жұмыстарды үйлестіру әзірленуде. Жоспарлар барлық мүдделі қызметтермен келісіледі.
2026 жылғы өрт қауіпті маусымда орман учаскелерін бекітілген маршруттар бойынша, оның ішінде 33 пилотсыз ұшу аппаратын пайдалана отырып, күнделікті патрульдеу жүзеге асырылатын болады.
2026 жылғы өрт қауіпті маусым басталғанға дейін орман өрттерін сөндіру тактикасы мен техникасы бойынша ведомствоаралық оқу-жаттығулар өткізу жоспарлануда, сондай-ақ хабарландыру схемасы бекітілді, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы лизинг арқылы мемлекеттік орман иеленушілердің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда.
Кеңес қорытындысы бойынша хаттамалық тапсырмалар қабылданды, олардың негізгі міндеті 2026 жылғы 10 наурызға дейінгі мерзімде өрт қауіпті маусымға дайындықты аяқтау болып табылады.