2025 жылға орманды пайдаланғаны үшін төлемақы түсімі

2025 жылға орманды пайдаланғаны үшін төлемақы түсімі

Мемлекеттік орман қорын пайдалану ақылы түрде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін төлем ормандардың пайдалы қасиеттері, сапасы, кеспеағаштардың жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан қашықтығы, жергілікті жердің рельефі және кесу түрлері ескеріле отырып белгіленеді.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері, есептеу және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады.

2025 жылы орман шаруашылығы мекемелері ағаш кесу билеттері бойынша 479,8 мың текше метр ағаш, оның ішінде іскерлік 31,5 мың текше метр ағаш шығарды.

Орман билеттері бойынша келесі түрлерге жазылды: орман қоры жерлерінде шөп шабу 533 гектарға жүргізілді (7 билет жазылды); ара ұялары мен омарталарды 25 гектар жерге орналастыру (3 билет жазылды); марал шаруашылығын жүргізуге 132 гектар аумаққа 1 орман билеті жазылды; 1 102,4 гектар алқапта ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, 10 билет жазылды.

Бұдан басқа, 267 гектар алаңда ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді пайдалану үшін мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттарда орман пайдаланушыларға 33 орман билеті жазылды.

Орман шаруашылықтары орман пайдалануға 319 рұқсат құжаттарын берді. Орманды пайдаланғаны үшін төлем облыстық мәслихаттың шешіміне сәйкес бекітілген ставкалар бойынша алынды.

Төлем мерзімі бойынша іс жүзінде 405 млн. 436,6 мың теңге түсті, оның ішінде жанама пайдаланғаны үшін төлем 4 млн. 172,6 мың теңгені құрады.

Орман шаруашылығы және ЕҚТА бөлімінің басшысы
В. Лабанчук