Солтүстік Қазақстан облысының аквамәдениеті (балық шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық шаруашылығын дамытуға 2026 жылға арналған субсидиялар көлемін бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысының 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 12 желтоқсандағы №31/2 Шешімімен, 2026 жылға аквамәдениет өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға, сондай-ақ асыл тұқымды балық шаруашылығын дамытуға (бұдан әрі – субсидиялау) 38 млн теңге бөлінді. Балық отырғызу материалын, балық өсіру-биологиялық негіздемесін, жемшөпті сатып алуды субсидиялау көзделген.