Жаңа жыл қарсаңындағы кезеңде мемлекеттік орман қоры аумағында қылқан жапырақты жас ағаштарды заңсыз кесуден қорғау мақсатында мемлекеттік орман шаруашылықтары қылқан жапырақты жас екпелдерді күзетуді күшейту шараларын қабылдауда.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдаланды реттеу басқармасы» КММ 26.11.2025 жылғы № 103-И «2025 жылдың жаңа жылдың қарсаңындағы кезеңінде қылқан жапырақтары жас ағаштарды күзетуді күшейту және браконьерлік фактілерінің жолын кесу туралы» бұйрығына сәйкес, мемлекеттік орман шаруашылықтары қарағай өсетін жерлерді патрульдеу бағытарын әзірледі.
1 желтоқсаннан бастап мемлекеттік орман күзетінің полиция қызметкерлерімен бірлескен кезекшілк кестелері бекітілді. Облыс бойынша жас ағаштарды кесу қаупі бар жерлерде және негізгі жолдарда 10 стационарлық бекет орнатылды.
Стационарлық бекеттерден бөлек 90 мобильді топ жұмылдырылды, олар азаматтар мен заңды тұлғаларға шыршаларды сату заңдылығын тексеруді және патрульдеуді қамтамасыз етеді.
Бұқараралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер, теледидар, әңгімелесулер, оқу орындарында ақпараттық материалдар тарату арқылы қылқан жапырақтары екпелерге ұқыпты қарау туралы белсенді бұаралық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта қылқан жапырақты жас ағаштарды заңсыз кескені үшін жауапкершілік шаралары едәуір күшейтілді. Мемлекеттік орман қоры аумағында 1 қылқан жапырақты ағашты жойғаны немесе зақымдағаны үшін тәртіп бұзушыға кемінде 15 АЕК (58 980 теңге) мөлшерінде залалды өтеуге тура келеді. Егер ағаш ерекше қорғалатын табиғи аумақта кесілсе, залалды өтеу сомасы қазірдің өзінде 25 АЕК-ті (98 300) құрайды.
Қазақстан Ресбупликасы Әкімшілік кодексінің 381-1 бабына сәйкес, орман қорына кіретін ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау 100 АЕК-ке (393 200 теңге) дейін зала келтірген жағдайда, жеке тұлғаларға жүз АЕК мөлшерінде айыппұл салуға, сондай-ақ заңсыз кесілген ағаштар мен бұталар, құқық бұзушының аталған құқық бұзушылықтарды жасау құралы болған көлік құралдары мен өзге де заттары тәркіленеді.
Қазастан Республикасы экология және табиғи ресурстар Министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығына сәйкес, мемлекеттік орман иеленушілер тарапынан жаңажылдық шыршаларды дайындау мен босату тек облыс, әкімдіктерінің өтінімдері негізінде, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу үшін ғана жүзеге асырылады.
Жаңажылдық шыршаларды еркін сатуға тыйым салынған, бұған тек қылқан жапырақты ағаш бұтақтарынан құрастырылған шыршалар, бұтақтар және контейнерлердегі тірі шыршалар кірмейді.
Петропавл қаласында, аудан орталықтарында және басқа да ірі елді мекендерде жаңажылдық шыршаларды сатуға арналған арнайы (шырша базарлары) белгіленген. Бұл алаңдарда көршілес Ресей Федерациясынан әкелінген шыршалар сатылған болады. Мұнда кез келген тұрғын мерекенің жасыл қонағын заңды негізде сатып ала алады.
Жаңа жыл – бұл ересектер де, балалар да асыға күтетін отбасылық мереке және оның келуіне уақыт аз қалды.
Мерекелік шыршаларды таңдаудың нұсқалары өте көп. Оларға пластиктен, лескадан, жылтырақтардан және басқа да заманауи материалдардан жасалған, көп рет пайдалануға болатын жасанды шыршалар жатады. Балама ретінде журналдардан, мақтадан, жіптерден, жемістерден, гүлдерден, бөтелкелерден және басқа заттардан қолдан жасалған бұйымдарды да қосуға болады. Таңдауды әркім өзі жасауы тиіс.
Иә, Жаңа жылға шырша сәндеу – бұл дәстүр. Бірақ қуанышты тірі табиғатқа зиян келтірмей-ақ жасауға болады ғой. Қарағайлар орман қалып, бізді өз сұлулығымен қуантсын және баға жетпес жұмысын – планетамызды адамның ойластырылмаған іс-әрекеттерінің салдарынан тазарту қызметін атқара берсін.
Қарағай орташа биіктікке дейін өсуі үшін 15-18 жыл қажет. Жас кезінде қарағай баяу өседі, 10 жылдан кейін өсу қарқыны күрт артады. Біздің өңірдегі қарағайлар орман шаруашылығы қызметкерлерінің бірнеше буынының еңбегімен өсірілген.
Сондықтан жасыл аруларды браконьерлік кесуден жұмыла қорғайық.
Жас қарағайларды заңсыз дайындау фактілері бойынша мына мекенжайға хабарласу керек: Петропавл қ. Парковая к-сі, 57 «В», 435-кабинет, орман шаруашылығы және ЕҚТА бөлімі, сондай-ақ 8 (7152) 53-36-45, 8 (7152) 53-36-90 байланыс телефондары арқылы.
Орман шаруашылығы және ЕҚТА бөлімінің
статистигі С. Е. Сүлейменова