Жергілікті халықтың отынға деген қажеттілігін, оның ішінде орман шаруашылықтарының жылытуға арналған отындық ағашқа деген сұранысты қамтамасыз ету, басты және аралық пайдалану, өзге де ағаш кесулер мен орманды бөгде өсімдіктерден тазарту жұмыстары арқылы жүзеге асырылады.
Отын дайындау үшін ең алдымен өлі және қурап тұрған, өрттен, аурулардан және зиянкестерден зардап шеккен екпелер бөлініп беріледі. Мұндай тәсіл санитарлық–сауықтыру шараларын шұғыл шешуге және орманды бөгде өсімдіктерден тазарту мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
2025 жылғы 20 қарашадағы жағдай бойынша бөлінген орман қорынан халыққа 350 мың текше метр көлемінде отындық ағаш жіберілді. Бұл көлем – облыс халқы дайындайтын орташа жылдық ағаш мөлшері.
Әрбір елді мекенге орман қорының ең қолжетімді учаскелері бөлінеді. Алайда объективті себептерге байланысты қажетті көлем әрқашан тұтынушыларға жақын орналасқан жерлерден беріле бермейді. Отын дайындау орындары жиі қашық жерлерде орналасады. Өлі және қурап тұрған екпелердің кейбір учаскелері әлі зерттелмеген, есепке алынбаған, сондықтан тұрақты пайдалануға берілмеген.
Тұрғындарға орман учаскелерін бөлу және ағаш дайындауға рұқсат алу үшін мемлекеттік орман шаруашылықтарына өтініш беру қажет. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, өтініштер түскен күні қаралады. Қаралғаннан кейін тұтынушыға ағаш дайындау үшін орман учаскесі бекітіліп, орман шаруашылығымен шарт жасалады.
Тұтынушыға берілген участкіде кесуге арналған әрбір ағаш, көлемін бағалау және есепке алу үшін белгіленеді. Орманшлық басшысы немесе орман шебері кесуге раналған ағаштарды кесулерін қадағалайды. Рұқсат құжаттарының әрекет ету мерзімі 2025 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.
Мемлекеттік орман шаруашылықтарында отындық ағаш басқа кесулерден 1 текше метр үшін 2 500 теңге, басты пайдаланудан - 3 222 теңге, өтімсіз сүрек ағашы (желмен құлаған, табиғи құлау арқылы жатқан) қайың, көктерек ағаштары үшін - 255 теңге көлемінде өткізілді.
2024 жылдан бастап мемлекеттік орман шаруашылықтарында (аудандық округ әкімдері ұсынған тізімдер бойынша) халықтың әлеуметтік осал топтарына ағаш беру тізімдері жасалады. Белгіленген регламентке сәйкес, 2025 жылғы 25 қарашадағы жағдай бойынша 830 текше метр ағаш босатылды.
Халыққа тегін ағаш беру бойынша басқа жеңілдіктер заңнамада көзделмеген.
Облыс тұрғындарын отынмен қамтамасыз ету мәселелерін жедел шешу Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігіне қарасты Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының және мемлекеттік орман шаруашылықтары басшылығының тұрақты бақылауында.
Орман шаруашылығы және ЕҚТА
бөлімінің статисті С. Е. Сулейменова