Азиаттық орман шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық ұйымы (AFoCO) өкілдерімен кездесу өткізілді

Азиаттық орман шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық ұйымы (AFoCO) өкілдерімен кездесу өткізілді

2025 жылғы 24 қарашада Азиаттық орман шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық ұйымы (AFoCO) өкілдерінің қатысуымен жобаны үйлестіру және талқылау бойынша бірлескен қорытынды отырыс өткізілді.

Облыс аумағында 2022-2025 жылдар аралығында AFoCO жобасы аясында «Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында есепке алынбаған ормандарды түгендеудің пилоттық жобасы және орман шаруашылығы жөніндегі ақпаратты жинауды автоматтандыру» бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жоба шеңберінде белгіленген есепке алынбаған ормандарға қатысты картографиялық және таксациялық материалдар дайындалды.

Қазіргі уақытта материалдар Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қорына енгізу мақсатында анықталған учаскелерді одан әрі зерттеу үшін 9 орман шаруашылығына жолданды.

AFoCO ұйымының өкілдерімен ары қарай да нәтижелі ынтымақтастық болады деп үміттенеміз.