Оқушыларға арналған экологиялық сағаттар

Оқушыларға арналған экологиялық сағаттар

«Жастар СӨС үшін» ЖҚҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Солтүстік Қазақстан облысының орта мектептері мен гимназияларының оқушылары, табиғатты қорғау тақырыбына оқушылар үшін экологиялық сағат өткізу» жобасы іске асырылуда.

2025 жылдың 11 шілдесінде «Березка» балалар сауықтыру лагерінің базасында «Табиғатты сақтайық!» (су ресурстарын ұтымды пайдалану және қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды насихаттау бойынша) экологиялық сағат өтті. Оқушыларға тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеудің, су ресурстарын сақтаудың маңыздылығы туралы анимациялық фильмдер мен презентациялар көрсетілді, тақырыптық викториналар өткізілді.

Жеңімпаз командалар дипломдармен марапатталды, барлық қатысушыларға көтермелеу сыйлықтары (тәтті сыйлықтар) табысталды. Іс-шараға 204 оқушы қатысты.