Орман өрттерінің алдын алу – орман қорғау қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып қала береді. Орман өрттерінің негізгі себептері – адамның абайсыз әрекеттері; өшірілмеген от, темекі тұқылы, қоқыс жағу және құрғақ шөпті өрттеу.
Бұл мәселені шешудің жалғыз жолы – жаңа өрттердің алдын алу, яғни адамдардың отқа деген жауапты және ұқыпты көз қарасын қалыптастыру, ең алдымен – құрғақ шөпті жағудан бас тарту.
Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қорғау мекемелерінде 2025 жылы орман өрттерінің алдын алу бойынша кешенді шаралар жүзеге асыру жалғасып жатыр. 3 258 дана ескерту белгілері орнатылып (жылдық жоспардың 100%-ы), 640 парақша таратылып, ұйымдарда, кәсіпорындарда, оқу орындарында 412 дәріс пен әңгімелесу өткізілді. 585,5 км минералданған жолақтар төселіп, оның ішінде 8 501 км (бірінші кезең толық көлемде орындалды) минералданған жолақтар күтімі жасалды. Бұқаралық ақпарат құралдарында өрт қауіпсіздігі тақырыбында 47 мақала жарияланып, 2 теледидар көрінісі ұйымдастырылды.
2025 жылдың басынан бері тіркелген жоқ. Сонымен қатар, есепті кезеңде жалпы ауданы 29,7 га болатын, 8 жану жағдайлары тіркелген. Барлық от көздері уақытылы жойылып, мемлекеттік орман қоры жерлеріне оттың таралу қауіпіне жол берілген жоқ.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 17 әкімшілік хаттама толтырылып, 548,1 мың тенге айыппұл салынып, толық көлемде өндірілді.
Орман өрттерінің алдын алу және профилактикасы тұрақты негізінде жүргізіледі.
Өрт қауіпінің жоғары және төтенше деңгейінде (IV-V класс) шектеу шаралары енгізіледі: қылқан жапырақты ормандарға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға көлікпен кіруге және адамдардың баруына тиым салынады. Қажет болған жағдайда орман қорғаушылар және полиция қызыметкерлерінің бірлескен бекеттері қойылады. Бұл өрттердің алдын алу және адамдарды ықтимал өрт қауіпінен қорғау мақсатында жасалады.
Мұндай кезеңде от жағуға, қоқыс пен құрғақ шөп жағуға, пикник жасауға және ашық от пайдалануға қатаң тыйым салынады. Өрт қаупсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған: 25-тен 250 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл көзделген, ал егер қасақана өрт шығару жағдайы анықталса – 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.
Табиғатқа ұқыпты қарау, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет.