Әр жыл сайын «Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстары және табиғат пайдалану басқармасы» КММ ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік орман шаруашылықтарында әртүрлі табиғат қорғау шаралары мен акциялар жүргізілу жоспарлануда. 2025 жылдың 1 жартыжылдығына 90-нан астам акция жоспарланып, 109 іс-шара нақты өткізілді.
Акциялардың ішінде ең танымалы ағаш отырғызу болып табылды, оның ішінде ең көлемді «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні», «Өз ағашыңды ек», «Менің есімімдегі ағаш», «Естелік аллеясы», барлығы 26 акция өткізілді.
«Таза орман акциясы» екі кезеңде өткізілді: алғашқысы мамырда, кейінгісі ауа-райының жағдайына байланысты маусым айында. Іс-шаралар орманды қоқыстан тазарту, өтімді қоқырсуды жинау, орман қоры территориясын көріктендіру және абаттандыру, табиғат байлықтарын сақтау тақырыбында панно, аншлагтар және көрсеткіштерді тұрғызу жұмыстарын қамтыды. Барығы 18 акция.
«Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы аясында – 20 акция өткізілді.
Өзен жағалауын тұрмыстық қалдақтан тазартуды қамтитын «Таза өзендер», «Жақсы істер жағалауы» «Бірегей су объектілерін сақтау» деген 11 акция өткізілді.
«Табиғат ескерткіштерін сақтау және абаттандыру» бойынша республикалық акция – 4.
«Құстарға қоаққа» – 12 (жасанды ұялар жасап, оларды мемлекеттік орман қоры аумағында ілу).
«Тұрмыстық қоқыстарды бөлектеп жинау» акциясы – «азайт, қайта пайдалан және қайта өнде» қағидаларына негізделіп, адамдардың табиғи ресурстарға саналы әрі ұтымды пайдаланудың көз қарасын қалыптастыратын, қалдықтарды басқарудың жаңа жүйесін енгізуге және дамытуға бағытталған қозғалыс – 18 акция.
2025 жылдың екінші жартыжылдығында бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады, акциялар мен өтетін орындыры туралы ақпарат Басқарманың сайтында, әлеуметтік желілрде, аудандық газеттерде, және юасқа ақпарат құралдарында жарияланады.
Кез келген бей жай емес тұрғын ауқымды және жергілікті экологиялық іс-шараларға қатыса алады немесе өз бастамаларын ұсына алды.
Әрбір акция белгілі бір тақырыпқа бағытталғанмен, барлығы да қоршаған ортаны жақсартуға, мемлекеттік орман қорымен қалалар аумағын абаттандыру мен көгаландыруға бағытталған.
Орман шаруашылығы және ЕҚТА бөлімінің
статистигі С. Е. Сулейменова