2025 жылғы 19 маусымда «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ-де (бұдан әрі - Басқарма) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілді, оған басқарманың мамандары, Солтүстік Қазақстан облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Е. Ю. Кинцель, «Жастар салауатты өмір салты үшін» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Л. Н. Грабарь қатысты.
Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде 3 (үш) тәуекелді белгілеп, Басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауы үшін алғышарттар бар деген қорытындыға келді, соның негізінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде үш ұсыныс берілді.
Ақпарат назарға алынды, қатысушылардан ескертулер мен ұсыныстар түскен жоқ.