2025 жылғы 13 маусым сағат 11:00-де Петропавл қаласы, Парковая көшесі, 57 «В», 4-қабат мекенжайы бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ (бұдан әрі - Басқарма) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1147 қаулысымен бекітілген Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде жыл сайынғы «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.
Акцияға қала мен облыстың оқу орындарының студенттері, сондай-ақ жастар практикасы бағдарламасы бойынша еңбек қызметін жүзеге асыратын мамандар қатысты. Акцияға барлығы 3 адам қатысты.
Акцияға қатысушылар үшін басқарма бойынша таныстыру экскурсиясы өткізілді, оның барысында бөлім басшылары мемлекеттік орган мен мемлекеттік қызметшілер қызметінің сипаты мен ерекшелігі туралы, мемлекеттік қызметтер көрсету туралы, басқарма мамандарының заңнаманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларын сақтауы туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сондай-ақ акцияға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Акцияны өткізу нәтижесінде халық арасында мемлекеттік қызметтің имиджін арттыру және нығайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша міндеттер орындалды.