Дала өрттерімен күресу айтарлықтай шығындар мен ресурстарды қажет етеді. Олардың пайда болу қаупін азайту үшін алдын алу шараларының кешендері әзірленуде. Кейбіреулер өрттің алдын алуға, басқалары өртпен күресуге және оны кең аумақтарға таратпауға бағытталған. Бұл ретте дұрыс жабдықталған минералданған жолақ маңызды рөл атқарады.
Орман алқаптарымен және ауыл шаруашылығы алқаптарымен шекарада орналасқан елді мекендердің маңында минералданған жолақтарды орнату бойынша уақтылы ұйымдастырылған және жүргізілген іс-шаралар бізге тұрғын алаптарға өрттің таралу қаупін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
2025 жылғы өрт қауіпті маусымының басталуымен «Орлиногор орман шаруашылығы» КММ аумағында бірқатар өртке қарсы іс-шаралар, оның ішінде минералданған жолақтарды күту жүргізілді. Жыл сайынғы жоспарға сәйкес «Орлиногор орман шаруашылығы» КММ-де 614 км ұзындықтағы минералданған жолақтарға күтім жасалды.
Басшының орынбасары
«Орлиногор орман шаруашылығы» КММ
Осипов А. С.