Меню
Страницы

Мамлют орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінде көктемгі ағаш отырғызу жұмыстары аяқталды.

Мамлют орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінде көктемгі ағаш отырғызу жұмыстары аяқталды.

«Мамлют орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінде
орман қорын қалпына келтіруге, сақтауға және көбейтуге
бағытталған көктемгі орман шаруашылығы жұмыстары
аяқталды. Ағаш отырғызу орман шаруашылығының маңызды
міндеттерінің бірі болып табылады, өйткені ол орманның
жаңаруына ықпал етеді, биологиялық әртүрлілікті сақтайды,
экологиялық жағдайды жақсартады, орман алқаптарының қорғау
функцияларын арттырады.
Көктемгі ағаш отырғызу шаралары аясында 52 гектар
алқапқа орман дақылдары егіліп, 324 300 дана ағаш
отырғызылды.
Сондай-ақ 273 гектар аумақта орман дақылдарын
толықтыру жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында 224 000
көшет отырғызылды, бұл алқаптардың өмір сүру деңгейін
жақсартады және толыққанды орман алқаптарының
қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Көгалдандыру материалын өзімізде өсіруге ерекше көңіл
бөлінуде. Мамлют орман шаруашылығындағы уақытша
питомниктерде орман құрайтын түрлердің көктемгі егістері
жүргізілді: жылтыр қарағаш 0,11 га, қарағай 0,01 га және
қарапайын шырша 0,04 га.

Бұл жұмыстар өңірдің орман қорын сақтау мен қалпына
келтіруге қосылған маңызды үлес болып табылады.

 

Орманды қалпына келтіру және орман

өсіру инженері П.С. Косурова

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері