Меню
Страницы

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы

Мемлекет басшысының қатысуымен республика көлемінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Біздің облыста 70 мыңнан астам ағаш отырғызылды.
Жалпы, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы екі жыл ішінде тазалықты сақтау, елді мекендерді абаттандыру және қоршаған ортаға жанашырлық таныту идеяларын біріктірген маңызды жалпыұлттық қозғалысқа айналды.
Осы кезеңде өңірде санитарлық тазарту, аулаларды, саябақтар мен гүлзарларды абаттандыру, әлеуметтік нысандар, көшелер мен қоғамдық кеңістіктерді ретке келтіру сынды ауқымды жұмыстар атқарылды. Өңірді көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінуде. Өткен жылы 200 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызылса, биылғы жоспар 155 мыңды құрайды.
Ең бастысы – акция өңір тұрғындарын ортақ мақсатқа жұмылдырды. Әсіресе, белсенді әрі бастамашыл жастардың көптігі қуантады. Бұл қоршаған орта алдындағы жауапкершілікті терең сезінетін жаңа буынның қалыптасып келе жатқанының айқын көрінісі.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты