Алматыда XIX Халықаралық қала құрылысы форумының қорытындысы шығарылды. Қазақстан, Беларусь және Қырғызстанның жетекші мамандары, құрылыс істері комитеті мен Мемградокадастр өкілдері сәулет саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Форумға СҚО әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының орынбасары Серікжан Шалабайұлы Шитқанов қатысты, онда Солтүстік Қазақстан облысының 5 қаласы (Петропавл қ., Булаев қ., Мамлютка қ., Сергеевка қ. және Тайынша қ.) таныстырылды.