Құрылысы ұзаққа созылған қос үй биыл тапсырылады

Құрылысы ұзаққа созылған қос үй биыл тапсырылады

Құрылыс жұмыстарына жауапты әкімдік өкілдері өткен жылды қорытындылады. Ол туралы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Серікжан Шитқанов баяндады. 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту аясында ағымдағы жылы өңірде 330 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Оның 17-сі - көпқабатты баспана.