2021 жылдың 7 сәуірінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау және бағалаудың арнайы мониторингтік тобының отырысында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және мониторингтік топ өкілдеріне «Геопортал» аймақтық геоақпараттық жүйесін (АГАЖ) ұсынды. Отырыс барысында мониторингтік топ мүшелері жобаны мақұлдап, сондай-ақ «геопорталды» бүкіл өңірге кеңейту жөніндегі мәселені қарау туралы ұсыныс берді.
Бүгінгі күні Петропавл қаласының «Геопорталы» басқарманың интернет-ресурсында тестілік режимде орналастырылған (https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-stroi?lang=ru) блогында пайдалы сілтемелер, аймақтық геоақпараттық жүйе бөлімі, сонымен қатар http://e-sqo.kz/#/.