Өңiрлiк геоақпараттық жүйесi

Өңiрлiк геоақпараттық жүйесi

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру мақсатында «ЖАО геопорталдарына бiрыңғай талаптарын» ескере отырып, Өңiрлiк геоақпараттық жүйесi (бұдан әрi — ӨГАЖ) әзiрлендi.

ӨГАЖ кеңiстiктi деректердi жинау, сақтау және графикалық көзбен шолу үшiн арналған, сондай-ақ картографиялық деректердi қолдана отырып, жер қатынастары, құрылыс және қала құрылысы саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi электрондық түрде кешендi көрсетуге арналған. ӨГАЖ-нiң осы ерекшелiгi мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiнде ашықтығын қамтамасыз етедi.

Содан басқа, жүйеде әкiмдiктiң және коммунылдық ұйымдарының әртүрлi құрылымдары арасында құжаттарды электрондық түрде келiсу мүмкiндiгi iске асырылып, қызметтердi көрсетуге мерзiмдерiн қысқартуға мүмкiндiк бередi. Бұрын, мысалға, бiр ғимаратта орналасқан, қаланың жер қатынастары бөлiмiне, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлiмiне бiр-бiрiне ресми сауалдарды қағаз түрiнде жазу қажет болған. Ендi, осы сауалдар толығымен электрондық түрге көшiрiлiп, тек қана уақытын емес, сонымен бiрге кеңсе тауарларға шығындарды үнемдеуге мүмкiндiк бередi.

ӨГАЖ-сiн «Жылжымайтын мүлiктiң бiрыңғай мемлекеттiк кадастры» республикалық ақпараттық жүйесiмен интеграциялау арқасында пилоттық жоба шеңберiнде композиттiк қызметтерi — бiр өтiнiш негiзiнде электрондық нысанда көрсетiлетiн бiрнеше мемлекеттiк қызметтердiң жиынтығы, ал осы құжаттарды алу мерзiмдерi бiрнеше рет қысқартылатыны шеңберiнде Петропавл қ. тұрғындарына жер учаскiлерiн қалай тiкелей алуға болса, және де солай сауда-саттық арқылы алуға мүмкiндiк болады. Қазiр орталық мемлекеттiк органдары деңгейiнде пилоттық жобаны бастау құқықтық дерекқор жасалынып жатыр.

ӨГАЖ картографиялық құрамы ашық және жабық контурдан тұрады. Ашық контур облыстың тұрғындар мен кәсiпкерлерге арналған болса, онда жабық контур мемлекеттiк органдардың қызметшiлерi мен табиғи монополиялар субъектiлерiне арналған.

Картада кезең-кезеңмен сауда-саттықта қатысу үшiн талаптарын толық сипаттай отырып, алда тұрған жер саудаластығы туралы ақпарат жарияланады. Әрбiр қалайтын тұлға, қолданыстағы және жобаланып жатқан қаланың бөлiгiндегi қала дамуының бекiтiлген бас жоспарымен, егжей-тегжейлi жоспарлаудың бекiтiлген жобаларымен, қызыл сызықтарымен және өзге ақпаратымен таныса алады.

Ашық контурдағы қол жетiмдi деректер тiзбесi әрдайым кеңейтiлетiн болады.

Бүгiнгi күнге, ҚР ҰҚК Мемлекеттiк техникалық қызметте ақпараттық қауiпсiздiкке ӨГАЖ-сiн сертификациялау бойынша ұйымдастыру жұмыстары жүрiп жатыр.

Қызметтердi көрсету жөнiндегi жүйенiң модулi тиiстi ұйымдарында енгiзiлiп, қызметкерлер оқытылып, тесттiк өтiнiмдер пысықталып жатыр. Жақын арада осы модульдi пайдалануға iске қосу туралы хабарланады. Картографиялық модуль әкiмдiктiң тұрғындары және қызметкерлерi үшiн қол жетiмдi.

Бiз, ӨГАЖ-сi Солтүстiк Қазақстан облысының барлық тұрғындарының пайдасына қызмет еткенiн қалаймыз. Сондықтан, жобамен белсендi танысу үшiн барлықтарыңызды шақырып отырмыз.