14-18 мамыр күндері Түркияның Анталья қаласында кикбоксингтен Әлем кубогы өтті. Бұл жарысқа 41 елден 2549 спортшы қатысты. Қазақстан ұлттық құрамасының (102 спортшы) сапында біздің жерлестеріміз де ерекше көзге түсті!
Аслан Асылбеков 60 келі салмақ дәрежесінде (фулл-контакт) қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмай, бесінші мәрте Әлем кубогының чемпионы атанды!
Данияр Жарасов 57 келі салмақта қола медаль иеленіп, нағыз шеберлік пен табандылық танытты!
Спортшыларды жарысқа дайындаған жаттықтырушы — Дастан Қабденов.
Құттықтаймыз!