«Қызылжар барысы – 2025» турнирі өз мәресіне жетті!

«Қызылжар барысы – 2025» турнирі өз мәресіне жетті!

Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысының ең мықты палуандары боз кілемге шығып, тартысты финалдық белдесулер өтті.
Биылғы жарысқа барлығы 93 спортшы қатысты:
– 66 балуан салмақ дәрежелері бойынша сынға түсті,
– 27 палуан басты атақ үшін күресті.

Тартысты жекпе-жектердің қорытындысы бойынша:
Алтынбек Аусагитов (Уалихан ауданы) — 1 орын
Әділ Қайыров (Шал ақын ауданы) — 2 орын
Дмитрий Диннер (Қызылжар ауданы) — 3 орын

Турнирдің жүлде қоры:
1 орын — 700 000 тг
2 орын — 500 000 тг
3 орын — 300 000 тг

Жарыс барысында Қайырбек Батырхан ерекше құрметке ие болды. Ол қазақ күресінен Азия кубогының күміс жүлдегері ретінде Федерация тарапынан халықаралық аренадағы жоғары жетістігі үшін марапатталды!

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Республикалық деңгейде де сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!