Афандиев Махмед Тагорович Солтүстік Қазақстан облысының бокс федерациясының президенті болып сайланды

Афандиев Махмед Тагорович Солтүстік Қазақстан облысының бокс федерациясының президенті болып сайланды

2025 жылғы 28 сәуірде Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облысының бокс федерациясының жаңа президентін сайлау рәсімі өтті. Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы, әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Мерей Төлегенұлы Ақшалов өз сөзінде Махмед Тагорович Афандиевтің кандидатурасы алдын ала Республикалық бокс федерациясымен келісілгенін атап өтті.

Жиын барысында Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әділхан Сағындықов және басқармаға қарасты мекемелердің өкілдері жаңа президентті қарсы алып, оны құттықтады. Олар өз сөздерінде болашақта федерациямен тығыз қарым-қатынас орнату арқылы облыста боксты дамытуға, жаңа нәтижелерге қол жеткізуге және аймақ спортшыларының жетістіктерін арттыруға бірлесіп үлес қосатындарына сенім білдірді.

Махмед Тагорович Афандиев — Петропавл қаласының кәсіпкері. 2012 жылдан бастап «Шин Line компаниясы» ЖШС филиалын басқарады, автомобиль шиналарын сатумен айналысады. Өңірдің қоғамдық өміріне белсенді араласып жүрген Махмед Тагорович Солтүстік Қазақстан облысының күрд этномәдени орталығының өкілі болып табылады, сондай-ақ қала тұрғындары мен жас спортшылар үшін қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді.

Өткен дауыс беру қорытындысы бойынша, жиын қатысушыларының шешімімен Махмед Тагорович Солтүстік Қазақстан облысының бокс федерациясының президенті болып сайланды.

Іс-шараға Қазақстан бокс федерациясының өңірлермен жұмыс жөніндегі вице-президенті Болат Үкібайұлы Абдрахманов, Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы, әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Мерей Төлегенұлы Ақшалов, «Жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ басшысы, WBA Super нұсқасы бойынша кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионы Жанат Ескендірұлы Жакиянов, бокс бойынша Бокстан олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Антон Евгеньевич Лопатин, спорт ардагері, Петропавл қаласының Құрметті азаматы, КСРО спорт шебері Бауыржан Ниязұлы Құлжанов, Солтүстік Қазақстан облысы бокс федерациясының атқарушы директоры Мақсат Шірінтайұлы Әбілбошаров және облыстың бокс қауымдастығының өкілдері қатысты.

Махмед Тагоровичті жаңа қызметімен шын жүректен құттықтаймыз! Өңіріміздегі бокстың дамуына үлкен үлес қосып, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістерге жете беріңіз!