Бүгін Александр Винокуров атындағы спорт сарайының мұз айдынында хоккейші Әділ Бекетаевқа құрмет көрсетілді. Ол – Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, Харбин қаласында өткен қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының туын ұстаушысы және хоккейден ұлттық құрама сапында жеңімпаз атанды!
СҚО спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әділхан Сағындықов чемпионға спортты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хат табыстап, оның жетістіктері өңірдің жас хоккейшілеріне үлкен мотивация екенін атап өтті.
Әділ Бекетаевтың алғашқы жаттықтырушысы – Сингатулин Рафаил Фаритовичтің еңбегін ерекше атап өту керек. Ол Әділдің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Айта кету керек, оның кейбір тәрбиеленушілері мансаптарын өңірден бөлек, басқа қазақстандық және ресейлік клубтарда жалғастырған. Бұл күні бапкерге спортты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хат табысталды.
Әділ Бекетаев – Петропавл хоккей мектебінің тәрбиеленушісі. Қазіргі уақытта «Барыс» ХК-да қорғаушы ретінде өнер көрсетеді. Ол бүгінгі күнге дейін көптеген маңызды жетістіктерге қол жеткізді:
Қазақстан Кубогының үздік қорғаушысы (2019)
«Номад» сапында Қазақстан чемпионы (2022/23)
Әділді үлкен жетістігімен құттықтаймыз және халықаралық аренада жаңа жеңістер тілейміз!