20 наурыз – Ұлттық спорт күні!

20 наурыз – Ұлттық спорт күні!

«Береке» дене-шынықтыру сауықтыру кешенінде Ұлттық спорт күні аясында асық ату, бес асық, тоғызқұмалақ және қазақ күресінен жарыс өтті.

Салтанатты іс-шараға СҚО спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әділхан Сағындықов және спорттық қоғамдастық қатысты. Қонақтар жарысты тамашалап қана қоймай, киіз үйге кіріп, ақ дастарханнан дәм татты.

«Dostyq mall» ойын-сауық орталығында Қажымұқан атындағы ұлттық спорт түрлері бойынша ОРБЖСМ тәрбиеленушілері бес асық және асық атудан көрсетілімдер өткізді.

Сауда орталығына келгендер спортшылардың ойынын қызыға тамашалап, өздері де бақтарын сынап көрді!

Айта кетейік, 2017 жылы «Асық ату» ұлттық ойыны ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енді. Жыл сайын бұл спорт түрі кеңінен танылып, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуда.

Осы іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен «Dostyq mall» сауда орталығына алғысымызды білдіреміз!