Басқарма басшысының м.а. Ә.С. Сағындықов спорт қауымымен кездесу өткізді

Басқарма басшысының м.а. Ә.С. Сағындықов спорт қауымымен кездесу өткізді

СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әділхан Сырлыбайұлы Сағындықов қалалық спорт мектептерінің басшыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында өзекті проблемалар мен алдағы жоспарлар талқыланып, балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту мәселелері көтерілді. Әділхан Сырлыбайұлы спорт мектептерін қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, олардың қазіргі жағдайын білу үшін нысандарға арнайы барып олардың жұмысымен танысатынын жеткізді.

Сонымен қатар, Әділхан Сырлыбайұлы Солтүстік Қазақстан облысының спорт ардагерлерімен кездесіп, олардың спортты дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, алдағы перспективаларын талқылады.